Солтүстік Қазақстан облыстық ауруханасында биыл кардиохирургия бөлімі ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облыстық ауруханасында биыл кардиохирургия бөлімі ашылады

Солтүстік Қазақстан облыстық ауруханасында биыл кардиохирургия бөлімі ашылады

Солтүстік Қазақстан облысының балалар ауруханасында биыл кардиохирургия бөлімі ашылады, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

  • 14 Маусым 2011
  • 514
Фото - Caravan.kz

«Балалардың кардиохирургиясы бөлімі СҚО әкімі Серік Біләловтың бастамасымен және денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ашылады. Бұл мақсатқа СҚО әкімдігі операциялық блок пен бөлімді жөндеуге 35,7 млн теңге бөлді. Ал жабдықтарды сатып алуға денсаулық сақтау министрлігі 153,3 млн теңге бөлді», — деп хабарлады ҚазТАГ агенттігіне басқарма өкілдері сейсенбі күні.

Қазіргі уақытта Түмен облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлері Петропавлдағы балалардың кардиохирургиясы бөлімінде жұмыс істейтін кардиохирургтарды, перфузиологтар мен анестезиолог-реаниматологтарды оқытып жатыр. Оқыту 3 кезеңмен жүргізіледі.

«Бірінші кезеңде биыл мамыр айында Петропавлда Түмен облыстық клиникалық ауруханасының балалар кардиохирургиясы бөлімінің меңгерушісі профессор Кирилл Горбатиков СҚО облыстық балалар ауруханасының мамандарымен бірлесіп, балаларға 12 кардиохирургиялық операция жасады», — деп хабарлайды басқарма.

Екінші кезеңде солтүстікқазақстандық мамандар түмендік облыстық клиникалық ауруханасының базасында 3 айлық курс меңгереді. Сонымен қатар, Петропавлдағы облыстық балалар ауруханасының операциялық блогы қайта жөнделеді. 3-ші кезеңде дайындықтар өткен дәрігерлер мен түмендік мамандар бірлескен операциялар жасайды.

Солтүстікқазақстандық бүлдіршіндерге кардиохирургиялық операциялар 2006 жылдан бері СҚО мен Түмен облысының ынтымақтастығы аясында жасалып келеді. Бұл уақытта Түмен облыстық клиникалық ауруханасының балалар кардиохирургиясы бөлімінің дәрігерлері туа біткен жүрек ақауы бар 464 балаға операция жасады. Жүрек ақауын оперативті емдеуге жергілікті бюджеттен Т211,8 млнбөлінді.

2011 жылдың мамыр айыеда Солтүстік Қазақстанның ресми делегациясы Түмен облысына сапар жасап, Түмен облысының үкіметі мен СҚО әкімінің арасында ынтымақтастықты, соның ішінде, денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісімге қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар