Солтүстік Қазақстан облыстық бюджетке жергілікті салықтар бойынша жиналмай қалған түсімдер 80 млн. теңгені құрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облыстық бюджетке жергілікті салықтар бойынша жиналмай қалған түсімдер 80 млн. теңгені құрайды

Солтүстік Қазақстан облыстық бюджетке жергілікті салықтар бойынша жиналмай қалған түсімдер 80 млн. теңгені құрайды

Солтүстік Қазақстан облыстық бюджетке жер, көлік және мүлік салығы тәрізді жергілікті салықтар бойынша жиналмай қалған түсімдер 80 млн. теңгені құрайды.

  • 18 Қараша 2003
  • 788
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық салық комитетінің бөлім бастығы Римма Плясковских хабарлады.

Оның айтуынша, жалпы болжамға сәйкес облыс бойынша салық және бюджетке міндетті төлемдер мөлшері 16 млрд. теңгені, соның ішінде жергілікті салықтар бұл қаржының 0,4 процентін, басқаша айтқанда 260 млн. теңгесін құрауы тиіс. Бұл облыста тіркелген 250 мың салық төлеушінің жинайтын жалпы салық мөлшері.
Қазіргі жағдаймен жер салығы бойынша облыстық бюджетке түспеген салық мөлшері 40 млн. теңгені, көлік салығы 28 млн. теңгені, мүлік салығы 15 млн. теңгені құрайды. Аталмыш берешектер бойынша облыс орталығының үлесі тиісінше 5, 14 және 6 млн. теңгені құрайды.
Жергілікті салықтарды төлеу мерзімі 1-қазанда өтіп кеткен. Қазір салық төлемегендерге 4000-8000 теңге көлемінде айыппұл салынып отыр. Егер салық заңнамасын орындамау жөніндегі ескерту екінші мәрте табыс етілген жағдайда айыппұл мөлшері 8000-17000 теңгеге дейін арттырылады.

Соңғы жаңалықтар