Солтүстік Қазақстан облыстық бюджеттен автожолдарды жөндеуге 452 млн. теңге бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облыстық бюджеттен автожолдарды жөндеуге 452 млн. теңге бөлінді

Солтүстік Қазақстан облыстық бюджеттен автожолдарды жөндеуге 452 млн. теңге бөлінді

Солтүстік Қазақстан облыстық бюджеттен автожолдарды жөндеуге биыл 452 млн. теңге бөлінді. Соңғы уақыттарда бұл мақсатқа жыл сайын осындай көлемдегі қаржы жұмсалып келді. Облыс бойынша 6065 шақырым автожол болса, оның биыл 120 шақырымына 100 млн. теңгеге күрделі, 187 млн. теңгеге орташа күрделі жөндеу жасалмақшы. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық автожолдар басқармасының жұмыстарды қабылдау және сапаны бақылау бөлімінің бастығы Жоламан Бекішев хабарлады.

  • 5 Тамыз 2003
  • 502
Фото - Caravan.kz

Күрделі жөндеу көзделген 120 шақырымдық жолдың 68 шақырымы асфальт, ал 52 шақырымы қиыршық тас төселген жолдар. 4-тамыздағы жағдаймен бұл жолдың 58 және 36 шақырымы жөнделді. Ж.Бекішевтің пікірінше, жолды жөндеу жұмыстарын 1-қыркүйекке дейін аяқтау межеленгендіктен қарқын жаман емес.

Қазіргі жағдаймен орташа күрделі жөндеуге арналған 120 млн., күрделі жөндеуге арналған 15 млн. теңге игерілді. Облыстық әр ауданында жол жөндеуге машықтанған 5 жол-құрылыстық ұйым мердігерлік роль атқаруда. Облыстық бюджеттен бөлінген 165 млн. теңге жолдарды ағымдағы жөндеуге арналып отыр. Ж.Бекішевтің айтуынша, бұл қаржыға жаңа техника сатып алу көзделмеген. Ал ескірген техника көптен бері жаңалауды талап етуде. Егер алдағы жылы жол жөндеуге көбірек қаржы бөлінсе, автокөліктер паркін жаңалау мәселесі шешімін табады. Әзірге Солтүстік Қазақстандық автокөлік айдаушылардың алдында тұрған жалғыз проблема осы,- дейді Ж.Бекішев.

Соңғы жаңалықтар