Солтүстік Қазақстан облыстық экономикалық соты азаматтарды шетелдерде жұмысқа орналастырумен айналысқан фирманың іс-қызметін тоқтату туралы шешім шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облыстық экономикалық соты азаматтарды шетелдерде жұмысқа орналастырумен айналысқан фирманың іс-қызметін тоқтату туралы шешім шығарды

Солтүстік Қазақстан облыстық экономикалық соты азаматтарды шетелдерде жұмысқа орналастырумен айналысқан фирманың іс-қызметін тоқтату туралы шешім шығарды

Солтүстік Қазақстан облыстық экономикалық соты Қазақстан азаматтарын шетелдерде жұмысқа орналастырумен айналысқан Петропавлдық "Шано" атты фирманың іс-қызметін тоқтату туралы үкім шығарды.

  • 13 Қазан 2003
  • 472
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп, еліміз бойынша алғаш рет Солтүстік Қазақстан облысында осындай іс-қызметпен айналысатын фирмаға клиенттерге қатысты немқұрайдылығы мен кәсіби салдыр-салақтығы үшін сот жүзінде айыбын мойнына салу мүмкіндігі туындады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстандық халықаралық адам құқықтары жөніндегі бюросының Солтүстік Қазақстан облыстық бөлімшесінің заңгері Павел Афанасьев хабарлады.

Облыстық экономикалық сотқа Петропавл тұрғыны Сергей Скиданның атынан шағым түскен. Оған «Шано» фирмасы 2001-жылы Чехиядан жалақысы жоғары жұмыс тауып беретіндігі жөнінде уәде беріпті. Алайда, фирма тарапынан Қазақстан Республикасынан шетелдерге жұмыс күшін шығару және оны енгізу жөніндегі лицензия тәртіптерін бұзу салдарынан С.Скидан шетелде жұмыс істеп ақша таппақ түгілі, үйіне әрең оралған.
П.Афанасьевтің айтуынша, соттың мұндай шешім шығаруына «Шано» тарапынан үш үлкен заң бұзушылық әрекеті себеп болды. Біріншіден, фирма өз клиентіне кері оралуға кепілдік бермеген, екіншіден, жұмыскерлердің шетелдердегі ахуалына бақылау жасамаған, үшіншіден, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы келісім-шартын жасаспаған. Сондай-ақ, С.Скиданның төлқұжатында жұмысшы визасының орнына 14 күндік мерзіммен берілетін қарапайым туристік виза басылған.
Экономикалық соттың бұл шешімін шетелдерге жұмыс күшін шығарумен айналысатын Петропавлдағы гендерлік құқықтық ақпараттық орталығының салалық бөлімшесінің қызметкерлері де өздерінің траффикпен күрестегі алғашқы жеңісі ретінде бағалап отыр. «Шаноны» қоса есептегенде, осындай делдалдық іс-қызметпен Петропавлда төрт фирма айналысқан. Алайда осы мерзімде Біріккен Арабия Әмірліктеріне әйелдерді заңсыз шығару жөніндегі екі дерек бойынша ғана қылмыстық іс қозғауға қол жеткізілген. Бірақ бұл қылмыстық істер дәлелденбеуге байланысты тоқтатылды.
Экономикалық соттың шешіміне қарамастан, П.Афанасьев «Шано» фирмасы шетелдерге жұмыс күшін шығару жөніндегі бизнесін одан әрі жалғастыруға мүмкіндік табады деген алаңдаушылық білдіреді. Бұл үшін фирма еліміз заңдарында лицензия беру қарастырылмаған делдалдық қызметтер жөніндегі агенттік келісімді пайдалануы мүмкін дейді заңгер.

Соңғы жаңалықтар