Солтүстік Қазақстан облыстық ІІБ-ның қызметкерлері Петропавл тұрғынынан 77 кило марихуана тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облыстық ІІБ-ның қызметкерлері Петропавл тұрғынынан 77 кило марихуана тәркіледі

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІБ-ның қызметкерлері Петропавл тұрғынынан 77 кило марихуана тәркіледі

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІБ мен Петропавл қалалық ІІБ-ның есірткі саудасымен күрес жөніндегі бөлімдерінің қызметкерлері заңсыз сақталып келген ірі көлемдегі марихуана партиясын тәркілеуге бағытталған жедел-іздестіру шараларын табысты жүзеге асырды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 6 Қараша 2003
  • 497
Фото - Caravan.kz

Петропавл қаласының шетінде орналасқан «Двигатель» кооперативінің автотұрақтарының бірінен иісшіл иттердің көмегімен ішінде 77,070 кило марихуанасы бар қытай сөмкелері табылды. Соңынан белгілі болғанындай, есірткінің иесі 24 жастағы Петропавл тұрғыны болып шықты. Ол қазір ұсталып, уақытша тергеу қапасына қамалды. Оның үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 259-бабы, 4-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, полицейлерді облыс аумағында есірткі заттарын сату деректерінің көбейгендігі алаңдатып отыр. Жыл басынан бері осындай 102 дерек тіркелсе, өткен жылғы осы мерзімде бұл көрсеткіш 90 болған. Биылғы жылы полицейлер заңсыз айналымнан 655 кило әртүрлі есірткі заттарын шығарды.

Соңғы жаңалықтар