Солтүстік Қазақстан облыстық кеденшілер 2003-жылы республикалық бюджетке 8 млрд. теңгеден астам қаржы аударды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облыстық кеденшілер 2003-жылы республикалық бюджетке 8 млрд. теңгеден астам қаржы аударды

Солтүстік Қазақстан облыстық кеденшілер 2003-жылы республикалық бюджетке 8 млрд. теңгеден астам қаржы аударды

Солтүстік Қазақстан облыстық кеденшілер 2003-жылы республикалық бюджетке 8 млрд. 321 млн. теңге аударды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 млрд. теңгеге артық. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Қаңтар 2004
  • 368
Фото - Caravan.kz

Департаменттегілердің атап көрсеткеніндей, кедендік алымдар мөлшерінің артуына жалпы тауар айналымының ұлғайып, 2003-жылы 430 млн. долларға жетуі септігін тигізді.

2003-жылы Солтүстік Қазақстан облыстық кедендік мекемелер 58 қылмыстық іс қозғады. Соның ішінде экономикалық контрабанда дерегі бойынша 19 іс тіркелді. Заңсыз есірткі тасымалына қатысты 30 дерек айқындалып, заңсыз айналымнан 613 килодан астам есірткі заттарын шығаруға жағдай жасалды. Әкімшілік құқық бұзушылық деректері бойынша айыппұлдар көлемі 6,7 млн. теңгені құраса, 2003-жылы тәркіленген тауарлар құны 4 млн. теңгеден асты.
Өткен жылы кедендік қызметтің 6 лауазымды қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сыбайлас жемқорлық және кедендік мекеме қызметкерлерінің қызмет бабын бас пайдасына жарату деректерін әшкерелеу үшін сыртқы экономикалық іс-қызметке қатысушылар арасында жасырын анкета жинау жұмысы жүргізілді. Сауалнамаға қатысқан 287 адамның 25,7 проценті тікелей және таныстары арқылы парақорлық немесе сыбайлас жемқорлық деректерімен тап келген.

Соңғы жаңалықтар