Солтүстік Қазақстан облыстық кеденшілер соңғы 12 жылда алғаш рет ең ірі есірткі партиясын тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облыстық кеденшілер соңғы 12 жылда алғаш рет ең ірі есірткі партиясын тәркіледі

Солтүстік Қазақстан облыстық кеденшілер соңғы 12 жылда алғаш рет ең ірі есірткі партиясын тәркіледі

21-желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының "Жаңажол" кеден бекетінің қызметкерлері кеден қызметінің іргетасы қаланғаннан бергі соңғы 12 жылда алғаш рет ең ірі есірткі партиясы болып табылатын 9 кило героин тауып тәркіледі. Есірткі целлофан дорбаларға салынып, Солтүстік Қазақстан облысының аумағы арқылы Душанбеден Уфа қаласына транзитті бет түзеген "ВАЗ-21112" автокөлігінің артқы бамперіне жасырылыпты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық кеден басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Желтоқсан 2003
  • 359
Фото - Caravan.kz

Көліктің тізгініндегі 40 жастағы Тәжікстан азаматы Солтүстік Қазақстандық кеденшілердің қолына түскенге дейін Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы төрт бірдей кедендік бекет пен Қырғызстанның бекеттерінен кедергісіз өткен. Солтүстік Қазақстан облыстық кеден басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, тұтқынның айтуынша, ол есірткіні Ресейде сату арқылы 50 мың доллар табуды межелепті. Ал шын мәнінде қара базарда бір кило героиннің өзі осы бағамен өтеді.

Жақсылап жысырылған есірткіні табуға кеденшілерге Бонни атты иісшіл ит көмекке келді.
Сөйтіп, аталмыш кеден бекеті қызметкерлері жыл басынан бері осымен 30-шы мәрте есірткі заттарын тауып тәркілеп отыр . Егер өткен бір жыл бойы сан түрлі 53 кило есірткі заттары тәркіленсе, биыл бұл көрсеткіш 613 килоға жетті.

Соңғы жаңалықтар