Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы 2003-жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жоюға бағытталған 177 ұсыныс жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы 2003-жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жоюға бағытталған 177 ұсыныс жасады

Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы 2003-жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жоюға бағытталған 177 ұсыныс жасады

Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы 2003-жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңының қолданылу жағдайына 228 тексеру жүргізіп, олардың қорытындысы бойынша жемқорлық қылмыстарды жоюға бағытталған 177 ұсыныс жасады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары Азамат Айсин хабарлады.

  • 21 Қаңтар 2004
  • 463
Фото - Caravan.kz

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде заңсыз 113 актінің күші жойылды, олардың бесеуі құқықтық-нормативтік сипатта. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңының талаптарын бұзуға байланысты прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде 182 лауазым иесі жауапкершілікке тартылды, соның ішінде 165 адамға тәртіптік жауапкершілік жүктелді. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты екі қылмыстық іс қозғалып сот қарауына жіберілді.

Атап айтсақ, осындай қылмыстық іс Есіл ауданындағы бір ауылдық округ әкімінің үстінен қозғалды. Тексеру нәтижесінде бұл округ аумағында иелерінен үйді 10 мың және 20 мың теңгеге алып, оны оралмандар үшін үй сатып алған мемлекетке 10 еселеп сату оқиғалары әшкереленді. Сондай-ақ, Есіл ауданында бір жасөспірімді аудандық ІІБ-ның уақытша тергеу абақтысына заңсыз қамау дерегінің беті ашылды.
М.Жұмабаев атындағы ауданның прокуроры осындағы бір ауылдық округ әкімінің заңсыз шешімін анықтады. Ол «Қарттар мен кедейлерді қорғау айлығын» өткізу туралы шешім шығарып, соған сәйкес 6 шаруа қожалығына осы бір айда азаматтарға отын, көмір және азық-түлік өнімдерін сатып алып беруді міндеттеген.
Ал Петропавл прокуратурасы Солтүстік Қазақстан облыстық ІІБ жол полициясы басқармасының бірқатар лауазым иелерінің өз міндетіне немқұрайды қарау дерегін әшкереледі.

Соңғы жаңалықтар