Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы ЕС 164/3 түзету мекемесіндегі тұтқындардың өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің себептерін тексеруді аяқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы ЕС 164/3 түзету мекемесіндегі тұтқындардың өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің себептерін тексеруді аяқтады

Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы ЕС 164/3 түзету мекемесіндегі тұтқындардың өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің себептерін тексеруді аяқтады

Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы ЕС 164/3 түзету мекемесінде жазасын өтеп жүрген 35 адамның қазан айының басында өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің себептерін тексеруді аяқтады. Петропавлда өткен баспасөз мәслихатында тексеру қорытындысын Солтүстік Қазақстан облыстық прокурорының орынбасары Қонысбек Ыбыраев жария етті.

  • 14 Қазан 2004
  • 551
Фото - Caravan.kz

Прокуратураның мәліметіне сәйкес, 1-қазанда абақтыда қамауда отырған бірнеше адам аштық жариялау арқылы онда қалыптасқан тәртіптерге наразылық білдірген. Сотталғандар бірнеше талап қойды. Мәселен, олар түрме аумағын жайластыруға бағытталған күн сайынғы екі сағаттық жұмысқа шығудан бас тартып, абақты аумағы арқылы еркін жүріп-тұруға және карантин бөлімшесіне еркін кіріп-шығуға мұрсат беруді, таңертеңгі және кешкі тексеру кезінде қосымша маршировка ұйымдастыруды алып тастауды талап етіп, сотталғандардың хаттары мен өтініштері дер кезінде жолданбайтындығына, тамақ пен дәрігерлік қызмет сапасының төмендігіне шағым айтқан. Бұған қоса сотталғандар Солтүстік Қазақстан облыстық прокуроры Виктор Корчагинмен кездесу ұйымдастыруды талап етті.

Келесі күні 15 адам өз-өзіне қол жұмсап, бритвамен іштерін тіліп жіберді. Тағы 20 адам прокурордың өзі абақты аумағында жүрген кезде осындай әрекетке барды.
Қ.Ыбыраевтың хабарлауынша, прокуратуралық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша сотталғандардың алға тартқан наразылықтарының арасынан үшеуі ғана, атап айтсақ, сотталғандардың хаттары мен өтініштері дер кезінде жолданбайтындығы, тамақ пен дәрігерлік қызмет сапасының төмендігі туралы шағым негізді деп танылды. Мәселен, дәрігерлік тексеруге сұранған сотталғандарды оның орнына әкімшіліктің бұйрығымен айыппұл изоляторрына немесе камераға жіберуге байланысты үш оқиға анықталды.
Прокуратура тексеруінің қорытындысы бойынша үш наразылық , бір таныстыру шығарылды. Абақтыдағы ұрып-соғу оқиғаларына қатысты тағы 16 арыз қаралу үстінде.
Солтүстік Қазақстан облыстық прокурорының орынбасары қазір абақтыдағы жағдай тұрақтанды деп сендіреді. Наразылық шарасына қатысқан сотталғандар жаза жүктемейді. Колония бастығын жұмыстан алу мәселесі де қойылып отырған жоқ. Бұл да сотталғандардың бір талабы-тұғын.
Қазір 1350 адамға есептелген ЕС 164/3 түзету мекемесінде 679 адам жазасын өтеуде.

Перейти к новостям спорта