Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының ғимаратынан компьютер ұрланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының ғимаратынан компьютер ұрланды

Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының ғимаратынан компьютер ұрланды

6-ақпанға қараған түні Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының ғимаратынан белгісіз біреулер компьютер ұрлап кетті. Компьютердің ұрланғанын сол күні таңертең осы мекеменің қызметкері біліп хабарлаған. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Ақпан 2004
  • 459
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметіндегілердің хабарлауынша, «мұндай жүрек жұтқан әрекет аймақта көптен бері тіркелмеген» көрінеді. Құны 170 мың теңге тұратын компьютерді тонаушылар екінші қабаттағы кеңсеге терезе арқылы кіріп ұрлап кеткен. Бірақ оны ұйымдасқан топ ұрлады ма, әлде бұл жалғыз адамның әрекеті мен деген жағы әзірге беймәлім. Қазір бірнеше болжал бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, бұл дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 175-бабы, 2-тармағы, б-тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар