Солтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясы жыл басынан бері салық төлеуден жалтару дерегіне байланысты 5 қылмыстық іс қозғады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясы жыл басынан бері салық төлеуден жалтару дерегіне байланысты 5 қылмыстық іс қозғады

Солтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясы жыл басынан бері салық төлеуден жалтару дерегіне байланысты 5 қылмыстық іс қозғады

Солтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясы 2004-жыл басынан бері салық төлеуден жалтару дерегіне байланысты 5 қылмыстық іс қозғады. Бұл істер бойынша келген шығын көлемі 5 млн. 794,8 мың теңгені құрады. Солтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, қазіргі жағдаймен аталмыш қаржының 4 млн. 781,9 мың теңгесі өтелді .

  • 6 Сәуiр 2004
  • 395
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінен хабарлағанындай, көп жағдайда қылмыстық іс Қосалқы құн салығын төлемеуге байланысты қозғалған. Мәселен, 2004-жылдың ақпан айында қаржы полициясының Тайынша ауданаралық бөлімінің қызметкерлері осындағы бір ЖШС-нің бас есепшісіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Серіктестіктің 2002-жылғы шаруашылық және қаржылық іс-қызметі туралы көпе-көрнеу жалған ақпаратты есептік құжаттарға жазу арқылы күдікті салық салынатын нысандарды жасыру және декларацияға қасақана жалған мәліметтер көрсету жолымен салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдерден жалтарып келген. Осындай әрекеттері арқылы бас есепші мемлекетке Қосалқы құн салығы бойынша бюджетке төленетін салықтан 1,7 млн. теңгенің шығынын келтірген. Қазір аталмыш қылмыстық іс материалдары департамент қарауында жатыр.

Сондай-ақ, облыстық қаржы полициясының қызметкерлері бірінші тоқсанда салық заңдарын бұзу дерегі бойынша 66 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Осы істер бойынша әкімшілік айыппұлдар көлемі 454240 теңгені құрап, оның 399780 теңгесі өндіріп алынды. Сондай-ақ, акциздік тауарларды тасымалдау, облысқа енгізу, өндіру, сақтау және сату, фискалдық есте сақтау қабілеті бар бақылау-кассалық машиналарды пайдалану тәртібін бұзу оқиғалары анықталды.

Соңғы жаңалықтар