Солтүстік Қазақстан облыстық соты "Қазпошта" ААҚ-ның салалық бөлімшесіне қарақшылық тонау жасаған қылмыскерлерге үкім шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облыстық соты  "Қазпошта" ААҚ-ның салалық бөлімшесіне қарақшылық тонау жасаған қылмыскерлерге үкім шығарды

Солтүстік Қазақстан облыстық соты "Қазпошта" ААҚ-ның салалық бөлімшесіне қарақшылық тонау жасаған қылмыскерлерге үкім шығарды

Солтүстік Қазақстан облыстық соты "Қазпошта" ААҚ-ның Бескөл аудандық салалық бөлімшесіне биылғы жылдың 25-ақпанында қарақшылық тонау жасаған қылмыскерлерге үкім шығарды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Маусым 2004
  • 478
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қылмысты оқиға 25-ақпан күні таңертең болған. Инкассаторлық машина бюджеттік ұйым қызметкерлерінің жалақысы мен жәрдемақыға арналған 5 млн. 300 мың теңгені сол күні жеткізген еді. Машина келісімен бірнеше минут өтпей, бөлімше ғимаратына бастарына противогаз киген екі еркек басып кіреді. Сол сәтте филиал ғимаратында үш әйел қызметкер мен күзетші болған. Әйелдерді соққыға жыққан қарақшылар сейфке салып үлгермеген ақшаны түгелдей үптеп кетті. Бірақ, шабуыл кезінде бөлімше күзетшісі Жәнібек Жоламановқа қарақшылар қол тигізбеген. Соңынан белгілі болғанындай, өзінің ағасы Амангелдімен және немересі Әлібек Ақжановпен бірлесіп, осынау қылмысты ұйымдастырған дәл осы күзетші болып шыққан. Қылмыскерлер ақшаны қылдай бөлісіп алуды ұйғарыпты.

Мұхтархан Ұтанов басқарған облыстық сот үш қылмыскерді ҚР Қылмыстық істер Кодексінің «Қарақшылық шабуыл» жөніндегі 179-бабы, 3-тармағы, «в» тармақшасы бойынша айыпты деп тауып, А.Жоламановты 13-жылға, оның інісі Жәнібекті 11 жыл 6 айға бас бостандығынан айырып, дүние-мүлкін тәркіледі. Олар жазаны қатаң тәртіпті абақтыда өтейді. А.Ақжанов 9 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол аталмыш қылмыстық әрекетті жүзеге асырған кезде тағы бір қарақшылық шабуыл үшін шартты жазасын өтеп жүргендіктен, сот оны төтенше қауіпті рецидивист деп таныды.
Қылмыскерлерден тоналған 4 млн. теңге тәркілеп алынды. А.Жоламановтың айтуынша, қалған ақшаны әлдібіреулер тонап кеткен. Бір миллионнан астам теңге сот қаулысымен сотталғандардан тең мөлшерде өндіріп алынатын болды.