Солтүстік Қазақстан облысы мен Алматыда кәмелеттік жасқа жетпегендердің мүлкін заңсыз билеп-төстеу оқиғалары анықталды - Бас прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысы мен Алматыда кәмелеттік жасқа жетпегендердің мүлкін заңсыз билеп-төстеу оқиғалары анықталды - Бас прокуратура

Солтүстік Қазақстан облысы мен Алматыда кәмелеттік жасқа жетпегендердің мүлкін заңсыз билеп-төстеу оқиғалары анықталды - Бас прокуратура

Астана. 9 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Республиканың прокуратура органдары 2007 жылы және 2008 жылдың І жарты жылдығы бойынша кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың және балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы заңдылықтың қолданылуына тексеру жүргізуінің нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысы мен Алматыда кәмелеттік жасқа жетпегендердің мүлкін заңсыз билеп-төстеу оқиғалары анықталды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 9 Қазан 2008
  • 476
Фото - Caravan.kz

«Қорғаншы органдарының бақылауының нашарлығынан Солтүстік Қазақстан облысының «Соколов жетім балалардың арнаулы мектеп-интернаты» басшылары тәрбиеленушілердің мүлкін өздерінше билеп төстеген»,- деді ресми өкіл.

С.Нұрпейісовтың айтуынша, тексеру бұл мектеп-интернаттың әкімшілігі 2002 жылдан бастап тәрбиеленушілердің мүлкіне өз беттерінше билік еткенін көрсетті. Олар асыраушысы қайтыс болған жағдайда берілетін жәрдем ақыны тәрбиеленушілердің атына ашылған депозит салымы бойынша жинақтаушы шотқа жіберіп отырған.

Кейбір жағдайда қорғаншы және қамқоршы органдарының өздері заңсыз шешімдер қабылдаған.

Мәселен, жекешелендіру келісім-шартына сәйкес, Алматы қаласындағы пәтердің жартысы кәмелетке толмаған Тишкинаға, ал екінші бөлігі оған қамқоршы Сувороваға тиісті еді.

Қорғаншы органдарының рұқсатымен Суворова ол пәтерді түгелдей сатып, жаңа пәтер алды. Қорғаншы жаңа үйді кәмелетке толмағанның үлесін ескермей толық өз атына жазып алады.

Сөйтіп, Әуезов ауданының қорғаншы және қамқоршы органдарының салақтықтарының кесірінен Тишкина аталған жылжымайтын мүлікке құқығын толық жоғалтады. Тек прокуратура органының араласуымен ғана кәмелетке толмаған жетім қыздың құқығы қалпына келтірілді.

Сондай-ақ, Ақтөбе қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған Мельниковтердің баспана құқығы бұзылғанын анықтады.

Олардың анасы 2006 жылы қайтыс болған, ол балаларымен аталарының үйінде тіркеліп, сол үйде тұрған. Мельниковтер жетім қалған соң, көршілерінің үйін паналаған, өйткені олардың туған тәтесі аталарының үйінде тұра беруге рұқсат бермеген.

Қорғаншы және қамқоршы орган болса 15 ай бойы балалардың тұрғын алаңына құқығын және үлесін анықтау жөнінде ешбір шара жасамаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар