Солтүстік Қазақстан облысына ҚР-дағы Польша елшісі Я.Ключковски сапар жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысына ҚР-дағы Польша елшісі Я.Ключковски сапар жасады

Солтүстік Қазақстан облысына ҚР-дағы Польша елшісі Я.Ключковски сапар жасады

Астана күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысына Қазақстан Республикасындағы Польша елшісі Яцек Ключковски келіп, аймақ басшысы Серік Біләловпен және поляк диаспорасының өкілдерімен кездесті.

  • 7 Шiлде 2011
  • 462
Фото - Caravan.kz

Облыс әкімі қонаққа аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат берді. Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан бойынша ең көп ұлт өкілдері тұратын өңірлердің бірі болып табылады. Аймақта 100-ден астам ұлт өкілдері достық пен өзара түсіністік ұранында еңбек етуде. Облыста «Коперник» поляк мәдениет орталығы жұмыс істейді.

Облыс әкімі елшінің осы сапары екіжақты қарым-қатынастың маңызды белесі болып, қазақстан-польша ынтымақтастығының одан әрі дамуына жаңа серпін береді деген сенім жеткізді.

Аймақ басшысы мен ҚР-дағы Польша елшісі Тайынша ауданында болып, 75 жылғы тарихы бар Жасылжар ауылының мерекесіне қатысты.

Соңғы жаңалықтар