Солтүстік Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысына жаңа  әкім тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды

Елбасының жарлығымен Тайыр Мансұров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Кеше, 24-желтоқсанда ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов оны аймақ атқамінерлеріне таныстырды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Желтоқсан 2003
  • 384
Фото - Caravan.kz

Кездесуде Д.Ахметов Қазақстанның Ресейдегі елшілігіндегі жаңа жұмысқа ауысқан Анатолий Смирновтың бұрынғы облыс әкімі ретіндегі қызметіне үкіметтің көңілі толады деп мәлімдеді.

Жаңа әкім Т.Мансұров еліміздегі стратегиялық маңызы зор аграрлық аймаққа әкім етіп тағайындау арқылы Елбасы өзіне үлкен сенім жүктегенін жеткізе отырып, облыс белсенділері мен аймақ тұрғындарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуге сенім білдірді.
Т.Мансұров Талдықорған облысында туып, Қазақ политехникалық институтын құрылысшы-инженер мамандығы бойынша бітірген. Саяси ғылымдар докторы деген ғылыми атағы бар, «Құрмет» орденімен марапатталған. Қазақ ССР-інің ірі кәсіпорындарында жұмыс істеді. 1991-жылдан бері «Қазақстан» даму қорын басқарды. 1994-жылдан бастап 8 жыл бойы Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметін атқарды. Соңғы кездері президенттің кеңесшісі болды.

Соңғы жаңалықтар