Солтүстік Қазақстан облысында 1 млн. теңгенің тәтті-кәмпит өнімдерінің контрабандасына тосқауыл қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында 1 млн. теңгенің тәтті-кәмпит өнімдерінің контрабандасына тосқауыл қойылды

Солтүстік Қазақстан облысында 1 млн. теңгенің тәтті-кәмпит өнімдерінің контрабандасына тосқауыл қойылды

Солтүстік Қазақстан облысындағы "Бесағаш" шекаралық бекетінде шекарашылар 1 млн. теңгенің тәтті-кәмпит өнімдерінің ірі көлемдегі контрабандасына тосқауыл қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне шекара отрядының Петропавл бөлімінің аға офицері Сергей Филатов хабарлады.

  • 15 Шiлде 2005
  • 483
Фото - Caravan.kz

Омбы кондитерлік фабрикасында өндірілген тоқаш өнімдері тиелген тіркемелі КамАЗбен бірге жүк иелері отырған «Жигули» автокөлігі Ресей-Қазақстан шекарасындағы өткелекті айналып өтіп, түн жамылып Омбыдан Көкшетауға бет алған.

Шекарашылар жасағы жүк автокөлігін шекарадан өте бере ұстады. Көлік жүргізушісінің ешбір құжаты болмай шықты. Оның қолында тіпті жүргізуші куәлігі де болмаған. Өзінің айтуынша, ол — Ресей азаматы. Омбы номері бар автокөлік айыппұл тұрағына жөнелтіліп, жүк тәркіленді. Қазір оқиға орнынан із жасырып үлгерген жүк қожайындары іздестірілу үстінде.
С.Филатовтың айтуынша, бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «экономикалық контрабанда» жөніндегі 209-бабы бойынша қылмыстық іс қозғауға материалдар әзірленуде.

Перейти к новостям спорта