Солтүстік Қазақстан облысында 2004-жылы ішімдікке тәуелділікті емдеуге бюджеттен 22 млн. теңге бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында 2004-жылы ішімдікке тәуелділікті емдеуге бюджеттен 22 млн. теңге бөлінді

Солтүстік Қазақстан облысында 2004-жылы ішімдікке тәуелділікті емдеуге бюджеттен 22 млн. теңге бөлінді

Биыл Солтүстік Қазақстан облыстық бюджетінен облыстық наркологиялық диспансерге ішімдікке тәуелді науқастарды емдеуге 22 млн. теңге бөлінді, ал 2003-жылы бұл мақсатқа 1,5 млн. теңге бөлінген болатын. Бұл туралы KZ-today тілшісіне диспансердің бөлім меңгерушісі Галина Андреева хабарлады.

  • 10 Желтоқсан 2004
  • 398
Фото - Caravan.kz

Бөлінген қаржы ішімдікке салынып кеткен науқастарды толық емдеу барысынан өткізуге және қымбат дәрі-дәрмектер мен медикаменттер сатып алуға, науқастарды толыққанды сауықтыруға жеткілікті, деді Г.Андреева.

Сонымен бірге, дәрігерлердің айтуынша, бір қиындық тудыратын нәрсе — ішімдікке тәуелді науқастардың әдетте емделгісі келмейтіндігі болып отыр. Тек биылғы жылдың 11 айында облыс орталығында 1000 адам араққұмар ретінде жаңадан тіркеуге алынған. Ал жалпы Петропавл қаласы бойынша осындай 6000 науқас бар. Олардың басым бөлігі не жұмыссыздар, не болмаса, кірісі өте төмен жандар болып келеді.
Г.Андрееваның айтуынша, дәл осындай жағдай оларды сапасы төмен суррогаттар сатып алуға мәжбүрлеп, соның салдарынан ауыр уланға апарып соғуда. Бұл өз кезегінде орталық жүйке жүйесінің, ойлау қабілетінің, жады жүйесінің, жалпы ағзадағы барлық маңызды процесстердің бұзылуына душар етеді.

Перейти к новостям спорта