Caravan Logo

Солтүстік Қазақстан облысында 52 мың гектар жерден астық жиналды

Солтүстік Қазақстан облысында 52 мың гектар жерден астық жиналды

Баспасөз қызметінің жетекшісі Ерлан Тоқшылықтың айтуынша, облыста тағы 3,7 млн гектар жердің астығын жинап алу керек.

Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылық министрі Ақылбек Күрішбаевтың хабарлауынша, болжам бойынша мұндағы бидайдың 70 - 75 пайызы 3, 2 және 1 класс бидайы болады. "Біздің астық өндіру технологиямыздың ерекшелігі біз жай ғана тауарлық астық шығармаймыз. Біз Ресей мен Украина пайдаланып отырған ұнның сапасын жақсартатын өнімді өндіреміз", - деп атап көрсетті ауыл шаруашылық министрі.