Солтүстік Қазақстан облысында адам ұрлап, ақша бопсалады деген күдікпен 17 жастағы жігіт ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында адам ұрлап, ақша бопсалады деген күдікпен 17 жастағы жігіт ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында адам ұрлап, ақша бопсалады деген күдікпен 17 жастағы жігіт ұсталды

ПЕТРОПАВЛОВСК. 5-маусым. Kazakhstan Today. Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері адам ұрлау, адамдарды заңсыз бас бостандығынан айыру және ақша бопсалау қылмыстарына қатысы бар деген күдікпен 17 жастағы жігітті ұстады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Маусым 2006
  • 383
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, 17 жастағы жігіт қыздарды күшпен қамауда ұстап, оларды ақшаға тәнін сатуға мәжбүрледі деген күдік бар. Күдікті сыбайластарымен бірлесіп оларды жалға алған пәтерде ұстап, клиенттерді іздестірумен шұғылданған. Қыздар монша, сауна және мейманханаларда жұмыс істеген. Қыздар қамауда болған және ұдайы таяқ жеген. Полицияға хабар берген жағдайда жәбір көресіңдер деп оларды қорқытқан.

Жәбірленген бір қыз полицияға хабар бергеннен кейін оперативтік қызметкерлер қылмыстық топты құрықтады. 17 жастағы жігіт ең соңында қолға түсті. Оның сыбайластары қазір түгелдей тергеу абақтысында отыр.

Перейти к новостям спорта