Солтүстік Қазақстан облысында ауылдағы тұңғыш "телефон террорисі" тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында ауылдағы тұңғыш "телефон террорисі" тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысында ауылдағы тұңғыш "телефон террорисі" тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысында ауылдағы тұңғыш "телефон террорисі" тіркелді. Бұған дейін орнатылып қойылған жарылғыш заттар туралы жалған ақпараттар тек облыс орталығында ғана тіркелетін. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 26 Желтоқсан 2003
  • 529
Фото - Caravan.kz

Мекемеден хабарлағанындай, «телефон террорисіне» қатысты оқиға облыстың Ақжар ауылында болған. Талшық орта мектебінің директоры аудандық Ішкі Іістер Басқармасына қоңырау шалып, белгісіз біреудің мектеп ғимаратына бомба қойылғанын хабарлағанын жеткізді. Аудандық ІІБ-ның басшылығы мектеп ғимаратын қоршауға алып, мұғалімдер мен оқытушылар мектептен эвакуацияланды. Сол сәтте мектепте 300 оқушы мен 35 мұғалім болған. Кешкі 18 сағат 50 минутта мектеп ғимаратынан жарылғыш зат табылмай, жарияланған төтенше жағдай алып тасталды.

Жедел-іздестіру шараларының барысында полицейлер телефон қоңырауы аудан орталығындағы бір тұрғынның үйінен түскенін, ол үйден осы мектептегі тоғызыншы класс оқушысы қоңырау шалғанын анықтады. Жасөспірім «істерге іс таппай еріккенде телефон шалдым» деп мәлімдеді. «Телефон террорисі » ата-анасының кепілдік беруімен босатылды, ал жедел-тергеу тобы қазір материалдар жинастыруда. Солардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Солтүстік Қазақстан облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, жыл басынан бері облыста орнатылған жарылғыш заттар туралы жалған ақпарат 10 мәрте келіп түскен.

Соңғы жаңалықтар