Солтүстік Қазақстан облысында бір аң шаруашылығының қорықшысы браконьерлік жасайды деген күдік бар - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында бір аң шаруашылығының қорықшысы браконьерлік жасайды деген күдік бар

Солтүстік Қазақстан облысында бір аң шаруашылығының қорықшысы браконьерлік жасайды деген күдік бар

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы "Красный бор" аң шаруашылығының қорықшысына браконьерлік жасады деген айып тағылып отыр. Тәртіп сақшылары оның қылмысына айғақ заттарды жинап, ҚР Қылмыстық Кодексінің "Қызмет бабын пайдаланып заңсыз аң аулау" жөніндегі 288-ші бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық ІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 17 Ақпан 2004
  • 565
Фото - Caravan.kz

Солтүстік Қазақстан облыстық орман және аң шаруашылығы басқармасы қызметкерлерінің өткен демалыс күндері жүргізген рейді нәтижесінде қардан қан іздері табылған. Іздер тексерушілерді аң шаруашылығы аумағындағы аңдарды жемдеуге арналған вольерге алып келеді. Ондағы малханадан бұғының басы, өлексесі және қолдан жасалған пышақ сынды дүниелер табылды.

Жалпы алғанда аң шаруашылығының аумағы мен қорықшының үйінен, малхана мен қосалқы монша үйінен тәртіп сақшылары 2 елік пен 5 бұғының басын, екі үкінің өлексесін, 2 бұғы бұзауының денесін, аңшы мылтығын, кіші калиберлі бесатар мен майда ұңғылы мылтық тауып алды. Қазір олардың иесі анықталуда.
Алдын-ала есеп бойынша, қылмыс салдарынан келген шығын көлемі 1 млн. 300 мың теңгені құрайды.
Бұл шаруашылықта қорықшы болып үш ай жұмыс істеген күдікті өзінің бұл оқиғаларға қатыстылығын мойындамай отыр. Алайда, аң және орман шарашылығы басқармасының мамандары болса, соңғы үш айда бұл шарашылықтағы хайуанаттар санының шұғыл азайып кеткенін айтады.

Соңғы жаңалықтар