Облыстық дихандар 3 млн. 125 мың тонна астық жинап, орташа шығымдылық бір гектардан 10,4 центнерді құрады. Есіл, Қызылжар және Мамлют аудандарында егін шығымдылығы тиісінше бір гектардан 12,2 , 12 және 11,3 центнерді құрады.
Келесі жылғы түсімге арнап тұқым ретінде 68 мың 300 тонна қорланды. Қазір тұқымды тазарту жұмыстары жүргізілуде. Егістік алқаптарының 79 процентінде аңыздық жыртылды.