Солтүстік Қазақстан облысында егін себу науқаны тоқтап тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында егін себу науқаны  тоқтап тұр

Солтүстік Қазақстан облысында егін себу науқаны тоқтап тұр

Солтүстік Қазақстан облысында егін салу науқаны мүлдем тоқтап тұр. Өңірде екі апта бойы толассыз жауған жаңбыр диқандарға жұмыстарын аяқтауға мүмкіндік бермеуде.

  • 3 Маусым 2011
  • 352
Фото - Caravan.kz

Техника жауынның астында, егіс алқабында қаңтарылып тұр. Ал өткен айдың ортасында басталған жауын әлі толастар емес. Агротехнология шарттарына сай тұқым себу науқаны мамыр айында аяқталуы тиіс. Әдетте сол кезеңде себілген бидайдан ерте жазда бітік егін алынатын. Алайда қазір егіс алқаптарының тек үштен екісі ғана игеріліпті. «Жағдай осылай қала берсе, күзде өнімнен қағыламыз», — дейді диқандар.


Сергей Клименко, шаруа қожалығының бастығы
:

— Қаншама жыл егін шаруашылығымен айланысып жүрсем де, биылғыдай көктем есімде жоқ.  Сегіз күн қатарынан  толассыз жауған нөсерді алғаш рет байқап тұрмын. Барлық техника алқаптарда жұмыссыз тұр. Тиісті агрошаралар сақталмай жатыр, ертең егінсіз қаламыз ба деп қорқамыз.

Соңғы жаңалықтар