Солтүстік Қазақстан облысында егіс алқаптарының 90%-ынан астық орылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында егіс алқаптарының 90%-ынан астық орылды

Солтүстік Қазақстан облысында егіс алқаптарының 90%-ынан астық орылды

Петропавловск. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында егіс алқаптарының 3315,4 мың гектарынан астық дақылдары жиналды, бұл барлық егістіктердің 89,5% құрайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі СҚО ауылшаруашылығы департаментіне сілтеме жасап.

  • 18 Қыркүйек 2008
  • 368
Фото - Caravan.kz

Департамент мәліметінше, 17 қыркүйектегі жағдаймен 4169,3 мың тонна астық бастырылып, орташа шығымдылық бір гектардан 13,1 центнерге жетті.

«Ең жоғары астық бастыру көрсеткішіне Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда қол жеткізіліп, ол — 93,9% болды, бұл сан ең аз аймақ — М. Жұмабаев атындағы аудан — 78%. Ең жоғары шығымдылық — бір гектардан 16,3 центнер астық М.Жұмабаев атындағы ауданда тіркелді», -дейді департамент.

Олардың мәліметінше, майлы дақылдар 61 мың гектар (54%), картоп — 9,8 гектар (38%), көкөніс — 2 мың гектар (43%) аумақтан жиналып, жалпы жиналған көкөністер көлемі бір гектардан 154 центнер орташы шығымдылық жағдайында 31 мың тоннаны құрады.

«Орақ науқанына 10 мыңнан астам комбайн тартылды, олардың басым бөлігін шаруашылықтар кейінгі 2 жылда сатып алған», -деп хабарлайды департаменттегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар