Солтүстік Қазақстан облысында екі тәртіп сақшысы жол апатынан қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында екі тәртіп сақшысы жол апатынан қаза тапты

Солтүстік Қазақстан облысында екі тәртіп сақшысы жол апатынан қаза тапты

Петропавловск. 6 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында екі тәртіп сақшысы жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 6 Қазан 2008
  • 417
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 3 қазанда сағат 11.45-те республикалық маңызы бар Челябинск — Новосибирск тас жолының 693-ші шақырымында СҚО Мағжан Жұмабаев атындағы ауданының Фурмановка ауылынан 1 шақырым жерде «Казвторчермет»ЖШС жүргізушісі айдаған ЗИЛ-130 көлігі мен «Ауди-80» көлігі соқтығысқан.

«Жол апаты болған жердегі көлікте Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның ІІБ екі қызметкері : табиғат қорғау және мал дәрігерлік полициясының инспекторы лейтенант Еркін Шәріпов пен полицияның учаскалік инспекторы лейтенант Жәнібек Есмағзамов болған», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«»Ауди-80″ көлігі белгісіз себеппен жолдың қарсы бетіне шығып, ЗИЛ-130 көлігімен соқтығысқан. Жанасу салдарынан ЗИЛ-дің жанармай багы зақымданып, екі көлік те өртеніп кеткен, жүк көлігінің жүргізушісі көлігінен шығып үлгерген. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, сараптамалар жүргізілуде», -деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар