Солтүстік Қазақстан облысында ер адам 9 жастағы баланың мойнына арқан тағып, ағашқа байлап қойған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында ер адам 9 жастағы баланың мойнына арқан тағып, ағашқа байлап қойған

Солтүстік Қазақстан облысында ер адам 9 жастағы баланың мойнына арқан тағып, ағашқа байлап қойған

Солтүстік Қазақстан облысында ер адам 9 жастағы баланың мойнына арқан тағып, ағашқа байлап қойған.

  • 8 Шiлде 2022
  • 1120
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Біздің Мағжан Жұмабаев ауданы, Бәйтерек ауылында қоғамға қауіпті, ақыл-есі кем адам тұрады, 10 жылдан аса уақыт бойы бүкіл ауылды үрейлендірген, ауылдастарына агрессивтілік танытқан, пышақ пен балта алып жүгіреді.

Ол үш күн бойы бір әйелді үйде ұстаған, қуанышқа орай, тұрғындар оны аман алып қалды. Бөтен әйелдің үйіне терезені сындырып кірген, үйіне залал келтіріп, жиһаз бен ыдыстарды сындырып кеткен. Әйелдің өзі мүгедек ұлымен қашып үлгерді", – деп жазады ауыл тұрғындары.

Сондай-ақ олар жақында ер адамның балаға шабуыл жасағанын айтты.

"Мойнына арқан тағып, ағашқа байлаған. Баланы өткен-кеткендер аман алып қалды. Бұл сұмдық қашан бітеді, тұрғындар балаларды көшеге жайбарақат шығара алатын уақыт бола ма?", – дейді ауыл тұрғындары.

Sputnik Қазақстан тілшісіне облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта Бәйтерек ауылының тұрғынының психикалық денсаулық орталығына орналастырылғанын хабарлады.


"28 маусымда Мағжан Жұмабаев аудандық ішкі істер бөліміне ауыл тұрғынынан хабарлама түсті. Әйелдің айтуынша, жергілікті тұрғын 9 жасар немересін ағашқа байлап, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған 48 жастағы ауыл тұрғынын ұстады", – деп хабарлады полициядан.

Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігі бұл азаматпен, сондай-ақ оның анасымен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

“Қазіргі уақытта Бәйтерек ауылы тұрғындарынан аудандық емхана директоры атына ұжымдық хат дайындалды. Тұрғындар ер адамға медициналық мекемеге ауыстыруға көмектесуін сұрауда. Ер адам облыстық психикалық денсаулық орталығында емделіп жатыр”, – дейді әкімдікте.