Солтүстік Қазақстан облысында газдар қоспасының жарылуы салдарынан үш адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-18 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында газдар қоспасының жарылуы салдарынан үш адам зардап шекті

Солтүстік Қазақстан облысында газдар қоспасының жарылуы салдарынан үш адам зардап шекті

Сейсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Ильичевка ауылында "Баско" ЖШС-не қарасты құс фабрикасының бу қазандығы ғимаратындағы әрлеу- бояу жұмыстары барысында газдар қоспасының жарылуы салдарынан үш құрылысшы зардап шекті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Маусым 2004
  • 403
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2-ші және 3-ші дәрежелі ауыр күйікке шалдыққан екі адам Көкшетау ауруханасына жөнелтілді. Зардап шеккен үш адам да Степногорск тұрғындары.

Алдын-ала жорамал бойынша, жарылысқа техникалық қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі талаптарына бағынбау түрткі болған. Аталмыш дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.