Жарияланды: 280

Солтүстік Қазақстан облысында иен далада 23 жастағы жігіт үсіп өлді

20 қараша күні, сағат 22.00-де Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданда 23 жастағы жас жігіт «Фольксваген» көлігімен Ұзынкөл ауылынан Таман ауылына шықты. Бірақ ауылға жетер жолда қар құрсауына түсіп қалған. Бұдан кейін жігіт көлігін тастап, жолын жаяу жалғастырды. Кеше, сағат 15.00-де ауылдан 7 шақырым жерде жергілікті тұрғындар оның үсіп қалған өлі денесін тапты. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін