Солтүстік Қазақстан облысында ірі көлемде марихуана алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында ірі көлемде марихуана алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында ірі көлемде марихуана алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды

Солтүстік Қазақстан облыстық полицейлер жыл басынан бергі ең ірі көлемдегі есірткі партиясын қолға түсірді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Ақпан 2005
  • 309
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 20-ақпанда Көкшетау-Омбы автожолының бойында Бидайық ауылының маңында Уәлихан аудандық ІІБ жол полициясы бөлімшесінің инспекторлары «Москвич-412» автокөлігіне назар аударады. Көлік тізгінінде Ақмола облысы Щучинский ауданы Зеленый Бор ауылының 25 жастағы тұрғыны отырған. Ал оның жолаушысы -Омбы облысы Одесское ауылының тұрғыны тәртіп сақшыларына Ресей азаматының төлқұжатын көрсеткен.

Көліктің артқы орындығында скотчпен оралған 7 бума табылды. Бумадағы не деген инспектордың сауалына жолаушы жемдік қоспа деп жауап берген. Буманы ашуды сұраған кезле жолаушы ондағы заттың марихуана екенін мойындады.
Тәркіленген зат сараптамаға жіберіліп, нәтижесінде дорбаларда 34 кило 100 грам марихуана бар екені анықталды.
28 жастағы Ресей азаматының айтуынша, марихуананы ол бейтаныс бір адамнан Көкшетауда сатып алған. Омбыға жеткізіп сатпақшы болдым дейді. Ал «Моксвич» автокөлігінің жүргізушісі жүк туралы ештеңе білмейтін болып шықты.
Аталмыш дерек бойынша «Аса ірі көлемдегі есірткі заттарын заңсыз сақтау және сату» туралы 259-бап, 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, Ресей азаматы қамауға алынды.
Жалпы жыл басынан бері облыстық полиция қызметкерлері есірткіге қатысты 47 қылмысты әшкерелеп, 40 кило түрлі есірткі заттарын заңсыз айналымнан шығарды.

Перейти к новостям спорта