Солтүстік Қазақстан облысында кеденшілер бюджетке 7 млрд теңге аударды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында кеденшілер бюджетке 7 млрд теңге аударды

Солтүстік Қазақстан облысында кеденшілер бюджетке 7 млрд теңге аударды

Петропавловск. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаменті 2008 жылдың І жартысында бюджетке 7 млрд 625,4 млн теңге аударды, деп хабарлайды агенттік тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 7 Тамыз 2008
  • 359
Фото - Caravan.kz

Солтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің бастығы Әлібек Қартовтың айтуынша, облыста жылдың І жартысында 8928 кедендік жүк декларациясын толтырған. 32 қылмыстық іс қозғалса, оның 21 — ҚР Қылмыстық кодексінің 209-шы бабы (Экономикалық контрабанда) бойынша қозғалған. 86,3 млн теңгенің тауары тәркіленді.

Кедендік шекара арқылы есірткілік заттарды алып өтуге жасалған 12 деректің беті ашылып, алды алынды. 50,2 килограмм есірткілік заттар, соның ішінде 22,4 килограмм героин, 27,6 килограмм гашиш пен 39 грамм апиын заңсыз айналымнан шығарылды.

2008 жылдың 6 айында Солтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімі кеден қызметкерлердің заңсыз әрекеті туралы шағымдарға сай 21 қызметтік тексеру жүргізіп, нәтижесінде 22 кеденші тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 4 сыбайлас жемқорлық қылмысының жолы кесілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар