Жиында кедей азаматтарға тұрғын үй және коммуналдық қызмет төлемдерінен көмек беру тәртібі туралы мәселе қаралды.
О.Пономаревтың айтуынша, 2004-жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы коммуналдық қызметтер тарифінің өсімі республикалық индикативтік жоспарда көрсетілген деңгейден асып жығылуы мүмкін. Мәселен, департамент қазірдің өзінде газ қамтамасыздығы қызметінің құнын, қалалық көлік тасымалының , сондай-ақ, Петропавл нан-тоқаш комбинатында өндірілген бірінші сортты нанның бағасын қымбаттату туралы ұсыныстарды қарап жатыр. Департамент директорының пайымдауынша, шикізат, көмір және темір жол тарифтерінің өсуіне байланысты бағаның қымбаттауын тежеп қалу мүмкін болмай отыр. Сол себепті, О.Пономаревтың пікірінше, халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша шараларын қарастыру қажет.
Кеңес отырысында халықтың кедей бөлігін әлеуметтік қорғау шараларын қамтамасыз ету үшін 2004-жылғы коммуналдық қызметтер құнының болжамдық деңгейі туралы талдамалық хабарламаны облыс әкіміне жіберу туралы шешім қабылданды.
2003-жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 7 мыңдай отбасына 35 млн. теңгенің тұрғын үй жәрдемақысы берілді.