Баспасөз орталығының ақпаратына сәйкес, есірткі тасымалдаушы Ресейлік және Қазақстандық екі азамат ескі жаңа жыл қарсаңында Петропавл шекаралық отрядының «Қызыл ту» шекаралық бекетінде ұсталды. Автокөлік Ресейге бет алған көрінеді.
Көлікке жүргізілген алқашқы тексеру еш нәтиже бермеген. Алайда көлік жүргізушісі мен жолаушысының әдеттен тыс күйгелектенуі автокөлікте қандай да болмасын контрабандалық тауардың бар екенін меңзейді. Нәтижесінде полиэтилен дорбаға салынып, көліктің қосымша доңғалағының ішкі камерасына жасырылған есірткі табылды.
Ұсталған азаматтар, олардың көлігі мен есірткілер құқық қорғау мекемелеріне тапсырылды.