Солтүстік Қазақстан облысында көлігіне 0,5 кило героин мен 8 кило гашиш жасырып өтпек болған есірткі тасымалдаушылар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында көлігіне 0,5 кило героин мен 8 кило гашиш жасырып өтпек болған есірткі тасымалдаушылар ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында көлігіне 0,5 кило героин мен 8 кило гашиш жасырып өтпек болған есірткі тасымалдаушылар ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысы мен Ресей шекарасындағы өткелекте "BMW" автокөлігіне 0,5 кило героин мен 8 кило гашиш жасырып өтпек болған есірткі тасымалдаушылар ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 15 Қаңтар 2004
  • 375
Фото - Caravan.kz

Баспасөз орталығының ақпаратына сәйкес, есірткі тасымалдаушы Ресейлік және Қазақстандық екі азамат ескі жаңа жыл қарсаңында Петропавл шекаралық отрядының «Қызыл ту» шекаралық бекетінде ұсталды. Автокөлік Ресейге бет алған көрінеді.

Көлікке жүргізілген алқашқы тексеру еш нәтиже бермеген. Алайда көлік жүргізушісі мен жолаушысының әдеттен тыс күйгелектенуі автокөлікте қандай да болмасын контрабандалық тауардың бар екенін меңзейді. Нәтижесінде полиэтилен дорбаға салынып, көліктің қосымша доңғалағының ішкі камерасына жасырылған есірткі табылды.
Ұсталған азаматтар, олардың көлігі мен есірткілер құқық қорғау мекемелеріне тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар