Солтүстік Қазақстан облысында мал барымташыларының тобы құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында мал барымташыларының тобы құрықталды

Солтүстік Қазақстан облысында мал барымташыларының тобы құрықталды

Петропавловск. 4 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында мал барымташыларының тобы құрықталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі СҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 4 Қараша 2008
  • 435
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Аққайың аудандық полициясына шағымдана келген Ленинское ауылының тұрғыны құны 1 млн 350 мың теңге тұратын 5 жылқысы қолды болғанын жеткізген.

Іздестіру шараларының барысында тәртіп сақшылары 4 жылқының терісі мен аяқтарын тапқан. Малдың қожайыны олардың өз жылқысына тиесілі екенін таныған. Оқиға орнынан протектор іздері, бос темекі ормалары, ұялы телефон карточкасының бөлшектері табылған.

Ұялы байланыс операторының көмегімен полицейлер ұялы телефонның нөмірі мен оның иесін тапты. Оны ұстаған кезде жылқы ұрлығына қатысы бар екені расталды. Кешікпей оның облыс орталығында тұратын екі сыбайласы ұсталды. Олар жылқыларды ұрлап сойғанын мойындаған.

Аққайың аудандық полициясының бастығы, полиция подполковнигі Петр Мартынюктің айтуынша, шұғыл шаралардың барысында тәртіп сақшылары 13 жылқыны тауып, иелеріне қайтарды. Тергеу кезінде бұл топтың облыс бойынша 5 ауданның аумағында барымташылық жасап келгені анықталды. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар