Солтүстік Қазақстан облысында малды жасанды жолмен ұрықтандыру бөлімшелерін құру үшін бюджеттен 7,8 млн. теңге бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында малды жасанды жолмен ұрықтандыру бөлімшелерін құру үшін бюджеттен 7,8 млн. теңге бөлінді

Солтүстік Қазақстан облысында малды жасанды жолмен ұрықтандыру бөлімшелерін құру үшін бюджеттен 7,8 млн. теңге бөлінді

Солтүстік Қазақстан облысында мал шаруашылығы саласын дамыту жөніндегі жаңа бағдарлама жобасы жасалды. 2005-жылға дейін есептелген бұл бағдарламаның басты мақсаты аймақтағы мал және құс санын арттыру болып табылады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық ауылшаруашылығы және жер қатынастары департаментінің бөлім бастығы Альфред Мавлютов хабарлады.

  • 21 Маусым 2004
  • 1126
Фото - Caravan.kz

Мұндай бағдарлама қабылдауға облыстағы түлік санының өсу қарқынының төмендігі әсер етті. Айталық, облыста 4 адамға бір қойдан келеді. Басқа түлік түрлеріне қатысты ахуал да бұдан оңып тұрған жоқ. А.Мавлютовтың айтуынша, 2005-жылы табын құрамындағы асыл тұқымды малдың үлес салмағын арттыру көзделіп отыр. Мәселен, ірі қара малдың үлес салмағы 12 процентке, шошқа үлесі 5 процентке, жылқы 1 процентке, құс 7 процентке артуы тиіс. Осыған сәйкес, мал шаруашылықтарының санын арттыру талабы да туындайтыны белгілі.

Бағдарлама бойынша малды жасанды жолмен ұрықтандыру бөлімшелерін құру арқылы аналық мал түлігін 50 процентке арттыру межеленген. Бөлімшелерді құруға бюджеттен 7,8 млн. теңге бөлінді. Қазір облыста тағы да осындай 304 бөлімше жұмыс істейді. Жыл аяғына дейін тағы да 50 бөлімше ашу көзделіп отыр. Қазір Башқұртстаннан арнаулы құрал-жабдықтар сатып алу жұмысы жүзеге асырылуда.
Мал шаруашылығы саласын дамыту жөніндегі жаңа бағдарлама Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұровтың қадағалауымен жүзеге асырылады.