Солтүстік Қазақстан облысында мүгедектерді қолдауға арналған телемарафон өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында мүгедектерді қолдауға арналған телемарафон өтеді

Солтүстік Қазақстан облысында мүгедектерді қолдауға арналған телемарафон өтеді

Бүгін, 17-қазанда Солтүстік Қазақстан облысында өткізіліп жатқан қарттар мен мүгедектері әлеуметтік қорғау жөніндегі айлық шарасы аясында облыстық телеарнада екі сағаттық телемарафон өткізіледі. Ол кәмелеттік жасқа жетпеген балаларды асырап отырған жалғызілік әрі мүгедек әйелдерге, сондай-ақ, мүгедек балалары бар әйелдерге жәрдем көрсету мақсатымен қаржы жинауға арналады. Телемарафон қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Анатолий Смирнов облыс тұрғындарына арнап мәлімдеме жасады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қалалық әкімшіліктің әлеуметтік сала және жастар саясаты бөлімінің бас маманы Ирина Бусыгина хабарлады.

  • 17 Қазан 2003
  • 429
Фото - Caravan.kz

А.Смирнов облыс тұрғындарын, барлық меншік түрлері бойынша кәсіпорындар басшылары мен жеке кәсіпкерлерді тағдыр тауқыметін тартып отырған осындай адамдарға жан-жақты қолдап, қолұшын беруге шақырды. «Біз сіздерге ғана үміт пен сенім артамыз. Мүгедек аналар мен мүгедек балалары бар аналарға тағдыр-талайын бөлісіп, аянышпен жанашырлық жасауларыңызды сұраймыз»,- делінген мәлімдемеде.

Телемарафон нәтижесінде келіп түскен қаржы мүгедек аналардың «Асыл ана» және мүгедек балалы аналардың Ұйымы тәрізді тиісті қоғамдық бірлестіктерге табыс етіледі.

Соңғы жаңалықтар