Солтүстік Қазақстан облысында наркологиялық диспансердің базасында нашақорлардың аналарының қоғамын құру көзделіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында  наркологиялық диспансердің базасында нашақорлардың аналарының қоғамын құру көзделіп отыр

Солтүстік Қазақстан облысында наркологиялық диспансердің базасында нашақорлардың аналарының қоғамын құру көзделіп отыр

Петропавлда дәрігерлер мен науқастардың ата-аналарының күшімен наркологиялық диспансердің базасында нашақорлардың аналарының басын біріктіретін қоғам құру көзделіп отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне диспансердің бас дәрігерінің міндетін атқарушы Елена Смагина хабарлады.

  • 5 Тамыз 2003
  • 469
Фото - Caravan.kz

Бұрын-соңды Солтүстік Қазақстан облысында мұндай ұйым болған емес, алайда басқа қалалардағы тәжірибеге талдау жасаған дәрігерлер қоғамның қажеттігі туралы тұжырым жасап отыр. «Қазіргі жағдаймен науқастарды дертінен айықтыруда нәтиже беретін жалғыз жол осы деп есептейміз»,- дейді Е.Смагина.

Диспансер негізінде осындай қоғам құруға бұған дейін де қадамдар жасалған.
Осы жолы қоғам құру туралы бастаманы бір нашақор жігіттің анасы Любовь Вишнякова көтерді. Әскерден оралғаннан кейін есірткінің жетегінде кеткен ұлын Мәскеу, Павлодар және Омбы қалаларында емдеуге талпыныстар жасап нәтиже шығара алмаған ана ендігі жерде өзімен тағдарлас аналардың бірлескен күш-жігеріне үміт артады. Ол аталған қалаларды аралау барысында осындай қоғамдардың жұмысымен жете танысқан көрінеді.
Е.Смагинаның айтуынша, Ресей мен алыс шетелдердегі үлкен қалаларда нашақорлардың аналарының қоғамдары едәуір тәжірибе жинақтаған. Дәл осындай қоғамдар арқылы нашақорлардың анонимдік одақтары құрылады. Арнаулы клиникаларда емдеуден гөрі осы тектес бейресми бірлестіктердің жұмыс нәтижесі тиімдірек дегенді тәжірибе дәлелдеп отыр.
Солтүстік Қазақстан облыстық наркологиялық диспансерде тіркеуде тұрған нашақорлар 1159 адам. Алайда, дәрігерлердің айтуынша, нақты ахуалды айқындау үшін ресми санды 10 есе көбейту керек.

Соңғы жаңалықтар