«Биыл бір гектардан орташа шығымдылық 13,5 центнерді құрады», — деді ол.
Облыс басшысы солтүстік қазақстандық дихандарды орақ науқанын табысты аяқтағанымен құттықтады.
Өңір басшысының мәліметінше, бидайдың ең жоғары шығымдылығы биыл Мағжан Жұмабаев (16,8 ц/га) және Қызылжар (15,4 ц/га) аудандарында, ал ең төмен шығымдылық Уәлиханов (6,2 ц/га) және Ақжар (6,6 ц/га) аудандарында тіркелді.
Жиналған астықтың 82% жоғары сапалы бидайға жатады. Республикалық бидай сатып алу жұмыстары аяқталды. 2009 жылғы тұқым себу науқанына 4 млн гектар егіс алқабы дайын болуға тиіс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті