Тайынша ауданының Рощинское ауылындағы астық қабылдау бөлімшесіндегі өрт сейсенбі күні 1 сағат 15 минутта шыққан. «Өрт 1200 шаршы метр аумақты шарпыды. Қойманың шатыры құлады. Жалын 20 тонна солод арпасын жалмады»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Өрт таңертеңгі 9 сағат 20 минут шамасында ғана сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 20 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті