Солтүстік Қазақстан облысында өртке қарсы күрес қызметінің офицері лауазымдық құзыретін асыра пайдаланды деп айыпталуда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында өртке қарсы күрес қызметінің офицері лауазымдық құзыретін асыра пайдаланды деп айыпталуда

Солтүстік Қазақстан облысында өртке қарсы күрес қызметінің офицері лауазымдық құзыретін асыра пайдаланды деп айыпталуда

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІБ-ның ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері облыстық өртке қарсы күрес басқармасының №3 техникалық қызметінің өрт сөндіру бөлімшесінің бастығын лауазымдық құзыретін асыра пайдаланды деген күдікпен қамауға алды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық ІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 19 Қазан 2004
  • 406
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 35 жастағы офицер өзінің жұмыс бөлмесінде 100 мың теңге мөлшерінде ақша алып жатқан жерінен ұсталды. Өртке қарсы күрес қызметінің офицері бұл қаржыны басқарма балансынан шығарып тасталған ЗИЛ-131 атвокөлігін сату арқылы тапқан. Тұтқындаған кезде күдіктіден таңбаланған қағаз ақшалар тәркіленді.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «лауазымдық құзыретін асыра пайдалану » жөніндегі 307-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша тергеу қапасында отыр.

Перейти к новостям спорта