Солтүстік Қазақстан облысында Өзбекстан азаматынан 29 кг есірткі тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында Өзбекстан азаматынан 29 кг есірткі тәркіленді

Солтүстік Қазақстан облысында Өзбекстан азаматынан 29 кг есірткі тәркіленді

ПЕТРОПАВЛОВСК. 8-ақпан. Kazakhstan Today. Кеше Солтүстік Қазақстан облысында Өзбекстан азаматы құрықталып, одан 29 кг героин тәркіленді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық кеден бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Ақпан 2007
  • 372
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 6-ақпан күні кешке «Жаңажол» кеден бекетінде тексеру үшін «Дэву-Нексия» автокөлігі тоқтатылған. «Инспекторлық-қарау кешенінде тексеру барысында пост қызметкері алдыңғы және артқы бамперлерде қарайған белгіні байқаған, ол қораптың бөтен затпен толтырылғанын білдіреді»,- деді департаменттегілер.

Кеденшілердің мәліметтеріне сүйенсек, көліктің бамперлерін мұқият қарау барысында жалпы салмағы 28,9 кг героин табылған. Бұл есірткінің «қара базардағы» құны 750 мың АҚШ долларын құрайды. «Нашақорлар үшін орташа доза 0,01 грамм героинды құрайды, ал бұл партиядан, алдын ала жасалған есеп бойынша 2,8 млн доза алуға болады», — деп атап көрсеткен баспасөз қызметі.

Солтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Өзбекстан азаматының есірткіні одан әрі сату үшін Челябинскге бет алғанын анықтады. Ташкент қаласының 21 жастағы тұрғыны дәнекерлеуші болып жұмыс істеген және де героинді жеткізгені үшін ақы алуға келіскен. Қазіргі уақытта, аталмыш дерекке қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 250-бабының 1-тармағы мен 259-бабының 4-тармағы бойынша (Есірткі заттарын немесе жүйекеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сақтау) қылмыстық іс қозғалды.

Үстіміздегі жылы облыстық кеден бақылау департаменті есірткі бизнесіне қатысты деректер бойынша 5 қылмыстық іс қозғаған. Барлығы 40 кг шамасында есірткі заттары тәркіленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті