Солтүстік Қазақстан облысында пайдалануға жарамсыз 7 тонна тамақ өнімі өнеркәсіптік өңдеуге жіберілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында пайдалануға жарамсыз 7 тонна тамақ өнімі өнеркәсіптік өңдеуге жіберілді

Солтүстік Қазақстан облысында пайдалануға жарамсыз 7 тонна тамақ өнімі өнеркәсіптік өңдеуге жіберілді

Петропавловск. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері пайдалануға жарамсыз 7 тонна тамақ өнімі өнеркәсіптік өңдеуге жіберілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Проспект СК" газетіне сілтеме жасай отырып.

  • 19 Тамыз 2008
  • 437
Фото - Caravan.kz

Басылымның хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жүргізген тексеру нәтижелері облыс орталығының ірі азық-түлік дүкендерінің көпшілігінде сапасыз азық-түлік сатылатынын анықтап берген.

«Облыстың санитарлық қызметінің қырағылығының арқасында гептахлор атты улы химикаты бар Қытайдан келген апельсиндер, шалғам, қызылша және нитраты бар орамжапырақ, сондай-ақ, ет, сүт, сары май облыс тұрғындарының үстеліне түскен жоқ. Олардың барлығын дерлік сапалық көрсеткіштері бойынша бактериологиялық қаруға теңестіруге болар еді», — деп жазылған мақалада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар