Басылымның хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жүргізген тексеру нәтижелері облыс орталығының ірі азық-түлік дүкендерінің көпшілігінде сапасыз азық-түлік сатылатынын анықтап берген.
"Облыстың санитарлық қызметінің қырағылығының арқасында гептахлор атты улы химикаты бар Қытайдан келген апельсиндер, шалғам, қызылша және нитраты бар орамжапырақ, сондай-ақ, ет, сүт, сары май облыс тұрғындарының үстеліне түскен жоқ. Олардың барлығын дерлік сапалық көрсеткіштері бойынша бактериологиялық қаруға теңестіруге болар еді", - деп жазылған мақалада.