«Солтүстік Қазақстан облсының Қызылжар ауданының прокуратурасы жергілікті АІІО учаскелік инспекторының қатысы бар ауыр қылмыстың жасырылып келгенін анықтады»,- деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қадағалау органдарының айтуынша, 2006 жылдың қазанында аудандық ішкі істер бөліміне аудандық ауруханадан «ішінің бітеу жарақаттануы, ішкі құрлыстарының жарылуы және т.б.» диагноздармен 1950-жылы туған еркектің ауруханаға жеткізілгендігі туралы хабар келіп түскен. Алған жарақаттар салдарынан ол қайтыс болған. Сондай-ақ, баспасөз қызметінде, «аталмыш дерек бойынша ешқандай тексеру жұмыстары жүргізілмендігі, себебі Қызылжар АІІО тергеушісі қылмыс құрамының толық болмауын алға тартып, қылмыстық іс қозғаудан бас тартқаны» айтылған.
Прокуратура АІІО учаскелік инспекторының қайтыс болған еркекті өлімші етіп сабағанын анықтады. «Еркекті ұруға тағы бір адамның қатысы бар, оның аты-жөні анықталды»,- деп көрсетілген баспасөз қызметінде.
Аталмыш дерек бойынша прокуратура Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 103-бабының 3-тармағы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру салдарынан абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтыруы) бойынша қылмыстық іс қозғады. «Прокуратура қозғаған қылмыстық іске қатысты баб бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады»,- деп түсіндірді баспасөз қызметінен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті