Полицияның ақпаратына сәйкес, 14 және 6 жастағы екі бала моншадан оқ-дәрісі бар екі аңшы мылтығын тауып алған. Мылтықты оқтап алған үлкені оны кішісіне қаратып атып жіберген. Жасөспірімнің айтуынша, ол оқты еденге қаратып атпашқы болыпты. Бірақ оқ баланың қолынан тиді. Оң жақ иығынан жарақаттанып, сүйегі күлпарша болған бала облыстық балалар ауруханасының реанимация бөліміне жеткізілген. Сол жерде дәрігерлер қолдың қимыл-қызметін сақтап қалу үшін шұғыл операция жасады.
Оқыс оқиға орнында жұмыс істеген Мамлют аудандық ІББ-ның шұғыл тергеу тобы тіркелмеген екі бірдей аңшы мылтығы мен оның оқ-дәрілерін тәркіледі. Жараланған баланың әкесінің үстінен жауапкершілікке тарту үшін материалдар жинақталуда.
Тәртіп сақшыларының мәліметі бойынша, Солтүстік Қазақстан облысында халықтың қолында 16 мыңдай аңшы мылтығы мен 2369 дана газды мылтық бар. 2004-жыл ішінде облыс аумағында «Қару» операциясы төрт мәрте жүргізілді. Соның нәтижесінде 546 қару тәркіленді.