Солтүстік Қазақстан облысында қаржыландырудың жетімсіздігінен құрт ауруына қарсы диспансерде емделуші науқастар толыққанды тамақтана алмай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында қаржыландырудың жетімсіздігінен құрт ауруына қарсы диспансерде емделуші науқастар толыққанды тамақтана алмай отыр

Солтүстік Қазақстан облысында қаржыландырудың жетімсіздігінен құрт ауруына қарсы диспансерде емделуші науқастар толыққанды тамақтана алмай отыр

Солтүстік Қазақстан облысында қаржыландырудың жетімсіздігінен құрт ауруына қарсы диспансерде емделуші науқастар толыққанды тамақтана алмай отыр. Таяу уақыттарда емдеу мекемесінде қалыптасқан осындай күрделі ахуалдың егжей-тегжейін Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінен құрылған арнайы комиссия тексермекші. Бұл туралы KZ-today тілшісіне диспансердің бас дәрігері Павел Соболевский хабарлады.

  • 6 Қараша 2003
  • 487
Фото - Caravan.kz

Науқастарға арналған тағам тапшылығы емдеу мекемесінде осымен бірінші жылы орын алып отырған жоқ. Мекеме ақылы қызметтер көрсетпейтіндіктен бюджеттен там-тұмдап бөлінген жартымсыз қаржыға күн көруге мәжбүр. Мәселен, биылғы жылы азық-түлікке қажетті 39 млн. теңгенің орнына небәрі 24 млн. теңге бөлінген. Бір науқастың тағамына бөлінетін тәуліктік норма 278 теңге болуы тиіс, алайда қазір науқастар қажетті соманың 70 процентіне жетпейтін қаржыға тамақтанып отыр. Ал диспансерде құрт ауруының тұрақты ауыр түріне шалдыққандарға арналған бөлім жұмыс істейді. Мұнда емделетін науқастар жоғары калориялы тағамдармен тамақтануды талап ететін улы дәрілерді қолданады. Мұндай ауралардың тәуліктік тағам мөлшері қазіргідей 3000 калорияны емес, 5000 калорияны құрауы тиіс.

П.Соболевскийдің айтуынша, тапшылық салдарынан аспаздар тағамның әрбір граммын өлшеуге мәжбүр. Мәселен, бір бала тәулігіне 5 грамм ірімшік жеуі керек, ал 3 жасқа дейінгі балалардың тәуліктік тұтынуы тиіс жарма мөлшері 30 грамм. Жағдайды тіптен ауырлатып отырған тағы бір фактор, емдеу мекемесіндегі қатаң тәртіпке сәйкес науқастардың бәрі бірдей дұрыс тамақтану үшін үйлеріне бара алмайды.
П.Соболевскийдің пікірінше, облыстық денсаулық сақтау департаментінен құрылған арнайы комиссия науқастар ахуалының күрделілігіне нақты көз жеткізіп, жедел шаралар қолдануға түрткі болуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар