Тәртіп сақшыларының ақпараты бойынша, инкассаторлар 22-қарашада «Қазпоштаның» ауылдық бөлімшесіне зейнетақы және балалар жәрдемақысы ретінде тарату үшін 2 млн. теңгеден астам қаржы жеткізген. Ақшаны қабылдап алған бөлімше меңгерушісі біраз бөлігін күні бойы таратқан. Ал қалған қаржының бөлімше ғимаратындағы сейфте қалдырған ол жұмыс уақыты аяқталған соң ауылдық әкімшілікке сейфтегі ақша туралы хабар бермей, күзет қоймай, үйіне кетіп қалған. Ғимаратта күзет дабылы да жоқ.
23-қарашаға қараған түні белгісіз біреулер құлыпты бұзып, ақшаны тонап кеткен. Қылмыскерлер әзірге табылған жоқ. Бірақ, Б. Қимықпаевтың айтуынша, қазір тәртіп сақшылары тіркеуде тұрған барлық адамдарды тексеріп жатыр. Таяу аудандардық бәріне хабарлама таратылды.