Солтүстік Қазақстан облысында ресейлік автобус трактормен соқтығысты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.62
  • 517.19
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында ресейлік автобус трактормен соқтығысты

Солтүстік Қазақстан облысында ресейлік автобус трактормен соқтығысты

Солтүстік Қазақстан облысында өткен жексенбі күні шамамен 18.00. сағатта Ақжар ауданындағы «Көкшетау-Омбы» тас жолында ресейлік нөмірі бар жолаушылар көлігі трактордың тіркемесімен соқтығысып, нәтижесінде үш адам зардап шекті.

  • 13 Маусым 2011
  • 312
Фото - Caravan.kz

Олардың екеуі Ресей Федерациясының азаматтары, деп хабарлады СҚО ІІД баспасөз қызметі.

Автобустың екі жолаушысы мен трактор жүргізушісі түрлі жарақаттармен орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Омбы қаласының 19 жастағы азаматшасы соқтығысу кезінде екі аяғын сындырып алды. Дәрігерлік көмек РФ Салехард қаласының 7 жасар тұрғынына да қажет болды, олар жеңіл жарақаттар алыпты.

Өзге жолаушылар зардап шеккен жоқ. Ақжар ауданында тұратын трактордың жүргізушісі, 1977 жылғы азамат «жабық бас-ми жарақаты» диагнозымен ауруханаға жеткізілді.

Полицейлердің алдын ала болжамы бойынша, Омбыдан Бурабай кентіне жол тартып бара жатқан рсейлік «Хундай» автобусы алда келе жатқан тіркемесі бар тракторды басып озамын деп, қарсы бетке шығып кетіп, қарсы келе жатқан көлік салдарынан дер кезінде маневрді аяқтай алмай, тракторға соқтығысып, астық тиелген тракторды аударып тастаған.

Ақжар АІІБ бастығы, полиция полковнигі Кенжеболат Бейсенбаевтың айтуынша, ресейлік автобус автотехникалық сараптама өткізілу үшін ауданда қалдырылды. Ал қалған 30 жолаушы үшін Омбыдан басқа автобус келіп жетті.