Облыстық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, Т.Симамбаев 179 сайлаушының дауысын жинады.
Депутаттықтан екінші үміткер, «Отан» партиясының мүшесі, Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаменті төрағасының орынбасары Таңсықбай Құсемісов 34 дауыс жинады.
Жалпы алғанда Солтүстік Қазақстан облысында қалалық, аудандық және облыстық мәслихаттардың 216 депутаты бар. Бүгінгі сайлауға 124 депутат қатысты.
Сайлау комиссиясының хабарлауынша, сенат депутаттарының сайлауы барысында 1 бюллетень жарамсыз деп танылды.