Жарияланды: 430

Солтүстік Қазақстан облысында Сенат депутаттығына үш кандидат тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттар ұсыну және тіркеу жалғасуда.

Қазіргі таңда облыста үш кандидат тіркелді. Облыстық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, барлығы 8 адам өз кандидатураларын ұсынған, комиссия олардың ішінен сайлаушылардың - барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының 10 пайызының қолын жинай алған үш адамды кандидат ретінде тіркеп отыр. Атап айтқанда, Сенат депутаттығына кандидат ретінде Самат Сапарбекұлы Ескендіров, Есжан Қабиұлы Оразалин, Серік Серғалиұлы Ташенов тіркелді. С.Ескендіров 1966 жылы туған, СҚО әкімінің орынбасары, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Е. Оразалин 1970 жылы туған, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ облыстық өкілдігінің директоры, С.Тәшенов 1948 жылы туған, азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Кандидатураларды ұсыну 19 шілдеге дейін жалғасады, ал кандидаттарды тіркеу 29 шілдеде аяқталады, одан кейін үгіт-насихат науқаны басталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін